Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі
Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.
Соныман қатар, дебат клубы «Саналы ұрпақ»тобы 7-сынып оқушыларымен «Жарқын –болашақ!Саналы –ұрпақ!»тақырыбында пікір-сайыс өткізді.Мақсаты:Жастардың жарқын болашаққа деген көзқарастарын айқындау,келешек жас ұрпақтың жан- жақты тәрбиелеу.
Желтоқсан айларында Дебат клубы«Саналы ұрпақ» тобының мүшелері 1-желтоқсан «Елбасы-елдің тірегі» атты тақырыпта жарыс сабағын өткізді.Жетекшісі:Капарова З.С.
«Саналы ұрпақ»тобымен«Брейн-ринг» тақырыбында сайыс сабағын өткіздік.
Мақсаты: Оқушылардың 3 тілде сөйлеуге, тыңдап түсінуге және өз ойын жеткізе білуге үйрету
Жас ұрпақтың бойында адамгершілікті қасиеттерді қалыптастыру, мәдениеттілікті және достық қарым - қатынастарды дамыту.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, дебат клубының мүшелерімен «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» тақырыбында ашық сайыс-сабағын өткіздік.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.Оқушылар өз-ойларымен бөлісті.
Мектебімізде дебат клубының мүшелері "Адал ұрпақ"командасы 8-сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында пікір-сайыс өткізді.
Мақсаты:Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін айту.Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға,бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.Пікір-сайыстың соңында оқушылар зорлық-зомбылық туралы сауалнама толтырды.