Киев орта мектебінің, дебаттық клуб жайлы ақпарат
Дебаттық клубының мақсаты мен міндеттерімен оқушыларға да ақпарат жеткізіп,дамыту дағдыларымен таныстырып,жетілдіру бағыттарын түсіндірдік. Клуб мақсатымен мен міндеттеріне сүйене отырып жұмыстарды белсенді етіп атқару. Дебат дегеніміз не?атты тақырыпқа оқушылармен дәріс сабақ өткізілді.
Клуб мақсаты:
Оқушылардың мерзімді басылымдарды оқуға деген қызығушылығын арттыру. Білімге құштарлығын қалыптастыру, ой-өрісін жан-жақты кеңейту.
Қазақстан Республикасы азаматының белсенді өмірлік ұстанымын жаңаша қалыптастыру. Көпшілік алдында сөйлеу мен тілдесу дағдысын қалыптастыру.
Тұлғаның өздігінен білім алу және шығармашылық қабілетін қалыптастыруды насихаттау. Клуб ғылыми-көпшілік бағытында жұмыс істейді.
Клубтың міндеттері:
– Адам болмысындағы қасиеттерді ашу, жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру , қайырымдылыққа, махаббатқа баулу. Отандық және шетелдік әдеби шығармалармен, мерзімдік басылымдардағы өзекті мақалалармен танысу, дарынды адамдармен кездесу;
- білім бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жас буынға рухани және зияткерлік тәжірибелері тұрғысында ақыл-кеңес беру, әртүрлі ақпараттық-ағарту жұмыстарын, кештер, іскерлік ойындар, тренингтер және т.б ұйымдастыру;
- Клуб жанына белсенділерді біріктіру;
- Кітап құмарлардың бос уақытын ұйымдастыру;
- Клубқа жаңа оқырмандарды тарту;
- Спортта жүргізетін іс-шараларға белсене қатысу;
- Әр түрлі тренинктерге тарту.
Жалпы дебаттық клуб оқушылары 5-7 сынып оқушылары қатысады.Белсенді жұмыс жасауына міндетті түрде сынып жетекшілер де көмектеседі. Біздің мектеп бойынша клуб мүшелерімен зияткерлік ойындар түрінде сабақ өткізілді,және де спорттық ойындар өтті. Жоспар бойынша әр жұма күні турнирлер өткізіледі.Әрине проблемалық сұрақтар туындайды,әлі де болса жұмыс жасауымыз қажет,өйткені оқушылар ой ойларын нақты жеткізе алмайды,және де аргумент келтіруге аз болсада қиналады.Сол үшін пәнаралық байланыс жасайтын мұғалімдер де өз үлестерін қосуда.Дебаттық клуб өте жақсы жасалған өйткені өте көп іс -шаралардың өткізілуінде біршама өзгерістер болады.Әр баланың қызығушылығын, белсенділігін көруге болады.
Адал ұрпақ клубының жұмысы жайлы
Киев орта мектебінің Адал ұрпақ клубының оқушыларымен ұйымдастырылған ойын түріндегі іс-шара өткізілді. «Жемқорлыққа жол берме» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың осы іс-шарада өздерінің ойларын жеткізіп,белсенді болуына ықпал жасалды.
Киев орта мектебінің Адал ұрпақ клубының 8 наурыз мерекесіне дайындық жасап жатқан жұмыстары. Өте белсенді қатысуда.
"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелері "Сыбайлас жемқорлық туралы", видеоролик көрсетіліп,оқушылармен дәріс өткізілді.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы жайлы.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осындай міндеттерді негізге ала отырып, Киев орта мектебінің мемлекеттік акт залында «Адал ұрпақ - болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді.
Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-10 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшілері оқушыларды отан сүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбек сүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес іс шаралар өткізілді.Құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды. Жеңімпаздар мектепшілік лездемеде мақтау қағазымен марапатталды.